Выйти
RU

Бекшин: Коронавирустың екінші толқыны күзде басталуы мүмкін

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирус инфекциясының екінші толқыны туралы пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Бұл туралы оңтүстік астананың бас санитары Алматы телеарнасына берген сұқбатында айтып берді.

Бекшиннің сөзінше, бұндай пікірге негіз бар, өйткені коронавирус инфекциясы жіті респираторлық вирустық инфекция болып саналады.

"Алайда, ЖРВИ күз бен қыстың басында, салқын уақытта басталады. Сол себепті, мен де коронавирустың екінші толқыны күзгі уақытта басталуы мүмкін деп есептеймін", - деді ол.

Cонымен қатар Бекшин қала тұрғындары мен кәсіпорындарды карантин талаптарын 11 мамырдан кейін де сақтауға шақырды.

"Инфекция жұқтыру жағдайлары әлі де тіркеліп жатыр және эпидемиологтар ұсынған шектеулер мен қағидалар сақталуы тиіс», - деді ол.

Қаланың бас санитары 11 мамырдан кейінгі карантин режимі бойынша көптеген сұрақтар түсіп жатқанын жасырған жоқ. Оның сөзінше, "зірге республиканың бас санитарлық дәрігерінің тиісті қаулысы күтілуде.

"Әрине, негізгі қаулыда айтылмаған тұстарды қосамыз. Және олардың қатаң сақталуын сұраймыз", - деді Бекшин.

Еске сала кетсек, осыған дейін мемлекет басшысы жағдай күрделеніп кетпесе елімізде коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған төтенше жағдай режимі 11 мамырда аяқталатынын мәлім етті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Бекшин: Коронавирустың екінші толқыны күзде басталуы мүмкін