Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Карантин сақталады": Елімізде төтенше жағдай режимі аяқталды

Опубликовано:

Елімізде коронавирус пандемиясына байланысты 15 наурызда енгізілген төтенше жағдай режимі 11 мамырда 00 сағат 00 минутта аяқталды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Twitter

Айта кетейік, 29 сәуір күні ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан аумағындағы төтенше жағдай режимін 11 мамырға дейін ұзарту туралы жарлыққа қол қойды. Демек, тиісті құжатқа сәйкес, ТЖ режимі аяқталды.

11 мамырда мемлекет басшысы ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізбек.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы мәлім етті.

"Жиын барысында Мемлекет басшысы коронавирустың қазіргі ахуалын саралап, Төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейінгі Үкімет пен басқа да мемлекеттік органдардың алдағы стратегиялық іс-әрекетін айқындайтын мәлімдеме жасауды жоспарлап отыр", - деді Берік Уәли.

Төтенше жағдай режимін алып тастауға қарамастан, қалалар мен өңірлерде карантин 11 мамырдан кейін де жалғаса бермек.

Карантин Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Маңғыстау облыстарында сақталады.

Еске сала кетсек, соңғы деректер бойынша елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 5090-ға жетті. Олардың 1941-і қауіпті дерттен айығып, ауруханадан шықса, 31 науқас вирус салдарынан көз жұмды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855080-karantin-saktalady-elimizde-ttense-zagdaj-rezimi-aaktaldy/

pixel