Выйти
RU

"Ақыл жоқ": Айгүл Иманбаева өзін сынағандарды тобырға теңеді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақ эстрадасының белгілі әншісі, театр және кино актрисасы Айгүл Иманбаева өзін сынның астына алған ел тұрғындарына жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Видеодан кадр/КТК/Астарлы ақиқат

Видеодан кадр/КТК/Астарлы ақиқат

Еске сала кетсек, өткен аптада "Астарлы ақиқат" бағдарламасында Айгүл мен Бүркіт қонақ болып, өнер иелерінің лотерея ойнатуына қатысты пікір білдірген. Пікірталас барысында Иманбаева кәсіпкер Ахметбек Нұрсиламен сөзге келіп қалады. Осыдан кейін белгілі әртісті әлеуметтік желіде сынағандар көбейіп кетті.

Айгүл өзін қаралап, даттағандарға жауап ретінде видео түсіріп, Youtube-тағы Aigul Imanbayeva LIVE арнасында жариялады.

"Айтарларыңызды айтып болдыңыздар ма? Енді мен, осы жолы айқайламай бәрін айтайын", - деп сөзін бастады өнер иесі.

Иманбаеваның сөзінше, оны ешкім эфирге шақырмаған. Ол "егер алаяқ болғанда тып-тыныш, үйде теледидардан көріп отырып, не болмаса қашып кететін едім" дейді.

"Иә, халық - ұлық, тобыр - былық. Абайдың он жетінші қара сөзінде (ред. бұл туралы Абайдың отыз жетінші қара сөзінде айтылған) Пайғамбарымызды түйенің жемтігіне көмген кім? Ол - көп. Ендеше көпте, яғни тобырда ақыл жоқ деген. Оны мен емес, Абай атамыз айтып кеткен. Қасиетті Құранда ғайбат айту - өзіңнің туған бауырыңның етін жеумен бірдей деген.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Көкбет адам жөн-жосықсыз, орынды-орынсыз аузына келгенді айтып, байбаламға салатын адам емес пе? Ал мінезді адам - ол бір басқа. Жылқыда да мінез бар. Жуас жылқыны адамдар тек жұмысқа жегеді. Ал асау жылқы аламан бәйгеде шапқан. Мінезді адам ғана тұлғалыққа бара алады", - деді белгілі әнші.

Ол өзінің мінезді екенін жасырмай айтты.

"Иә, мен - мінездімін, иә, мен - екіжүздімін. Бірінші жүзім - мейірімді, шынайы, ашық. Ал осы болмысымды аяққа таптағанда мен ғана емес, әр адамның жанайқайы көмекке келсе керек", - деп сөзін түйіндеді қазақ эстрадасының атақты әншісі, театр және кино актрисасы Айгүл Иманбаева.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Ақыл жоқ": Айгүл Иманбаева өзін сынағандарды тобырға теңеді