Выйти
RU

Алматыдағы карантин режимі арнайы қаулы шыққанша жалғаса береді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы аумағында 11 мамырдан бастап ерекше қаулы шыққанға дейін карантин режимі сақталады. Бұл туралы қала әкімдігі жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Қаланың периметрі бойынша орналасқан блок-бекеттердің жұмысы бұрынғы күшейтілген режимде жұмыс істейді.

Ведомство Алматыда жүргенде санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормалары қатаң сақталуға тиіс екенін ескертті.

Штабтың шешімімен қалада жұмысына рұқсат етілген кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлеріне ғана жүріп-тұруға болады. Олардың тізімі төмендегідей:

  • мемлекеттік және құқық қорғау органдары;
  • коммуналдық қызметтер;
  • өнеркәсіп;
  • құрылыс;
  • жобалық ұйымдар;
  • жылжымайтын мүлік агенттіктері;
  • халыққа қызмет көрсету орталықтары (заңды тұлғаларға қызмет көрсету үшін);
  • нотариустар;
  • адвокатура;
  • азық-түлік дүкендері мен базарлар;
  • кафелер мен мейрамханалар (өзімен алып кетуге ғана болады);
  • медициналық клиникалар;
  • стоматология;
  • зертханалар;
  • дәріхана;
  • көлік және логистика;
  • дистрибуция;
  • ЖҚС;
  • онлайн жеткізу;
  • екінші деңгейдегі банктер мен басқа да қаржы ұйымдары (50%-ға дейін);
  • сақтандыру;
  • ломбардтар;
  • бизнеске арналған кәсіби қызметтер (консалтинг, аудит және бухгалтерлік қызметтер);
  • ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
  • азық-түлік емес дүкендер, жалпы ауданы 500 шаршы метрге дейін;
  • ТҚС, көлік жуу және шиномонтаждау;
  • шаштараз;
  • фотосалондар;
  • гүл павильондары;
  • химиялық тазарту (кір жуу орындары);
  • техника және аяқ киім жөндеу орындары;
  • баспа үйлері;
  • ақша айырбастау орындары;
  • ветеринарлық қызметтер.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

"Осыған байланысты азаматтарға карантин мен санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтау керектігін ескертеміз. Карантинді бұзу (қызметті рұқсатсыз жүзеге асыру, оның ішінде жұмысқа шығу) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген дербес және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады", - делінген хабарламада.

11 мамырда мемлекет басшысы ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізбек. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы мәлім етті.

"Жиын барысында Мемлекет басшысы коронавирустың қазіргі ахуалын саралап, Төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейінгі Үкімет пен басқа да мемлекеттік органдардың алдағы стратегиялық іс-әрекетін айқындайтын мәлімдеме жасауды жоспарлап отыр", - деді Берік Уәли.

Еске сала кетсек, соңғы деректер бойынша елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 5090-ға жетті.

Олардың 1941-і қауіпті дерттен айығып, ауруханадан шықса, 31 науқас вирус салдарынан көз жұмды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыдағы карантин режимі арнайы қаулы шыққанша жалғаса береді