Выйти
RU

Әлемде коронавирустан көз жұмғандар саны 280 мыңнан асты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Өткен жылдың желтоқсан айында алғаш анықталған SARS-CoV-2 коронавирусы жарты жылға жуық уақыт ішінде бүкіл әлем бойынша 283 мыңнан астам адамның өмірін қиды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Worldometers онлайн дайджестіне сілтеме жасап.

Коронавирустан көз жұмғандар саны әлем бойынша 280 мыңнан асты

Фото: pixabay.com

11 мамыр таңда жария болған порталдағы ақпаратқа сай дүниежүзінде коронавирус инфекциясынан 283,6 мың адам қайтыс болған. Осы уақытқа дейін вирус жұқтырғандар саны 4,1 миллионға жетті.

Сонымен қатар, инфекциядан айыққан адамдардың саны да артып келе жатыр. Бұл көрсеткіш 1,5 миллионға жақындап келеді.

Өлім-жітімнің ең жоғары көрсеткіші АҚШ-та тіркелді, бүгінгі күнге мұнда COVID-19 диагнозымен шамамен 81 мың адам қайтыс болған. Өткен тәуліктің өзінде 720 өлім жағдайы тіркелген.

Өлім саны бойынша екінші орында Ұлыбритания. Мұнда коронавирус инфекциясы диагнозымен 31,8 мың адам көз жұмған.

Италияда коронавирустан барлығы 30,5 мыңнан астам науқас қайтыс болды. Бұл әлемдегі үшінші жоғары көрсеткіш.

Ал елімізде қауіпті инфекциядан 31 адам қайтыс болды. Ел алғаш рет COVID-19 наурыз айының ортасында анықталған болатын. Соңғы мәліметтер бойынша, инфекция жұқтырғандардың жалпы саны 5090 адамды құрап отыр. 1 941 адам ауруынан айығып кетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Әлемде коронавирустан көз жұмғандар саны 280 мыңнан асты