RU

Алматы қаласына кіру үшін Алматы облысының тұрғындары қалай тексеріледі

Бүгін, 11 мамырдан бастап Алматы облысының бірқатар тұрғындарына Алматы қаласына кіруге рұқсат беріледі. Осы орайда Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Алматы облыс тұрғындарының ПТР тест тапсыру тәртібін түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Depositphotos

Оңтүстік астананың бас санитар дәрігерінің сөзінше, Алматы облысында бір стационарлық және бір көшпелі зертхана бар.

"Бірақ, адам саны көп боландықтан, ұзын-сонар кезек пайда болуы мүмкін. Сондықтан, фильтр, экспресс-диагностика сынды одан да тиімді шаралар жасалады деп ойлаймын. Әзірге блокпосттар мен қашықтан қызу өлшеу, сауалнама әдістері қарастырылған", - деді Жандарбек Бекшин Алматы телеарнасына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, республиканың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысын күту қажет.

"Қазір ешқандай өңірге, әсіресе Алматы мен Нұр-Сұлтанға кіруге рұқсат жоқ. Көптеген адамдар қалаға оралып, жұмыс орындарына оралғысы келеді. Бірақ, зертханалар мұндай көп адамға 2-3 күнде нәтижесі шығатын тексеру жүргізе алмайды", - деді Бекшин.

Сондай-ақ, санитарлық дәрігер мобильді ПТР-зертханалар жұмысын жолға қою керектігін атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыдағы карантин режимі арнайы қаулы шыққанша жалғаса беретінін, ал қаланың периметрі бойынша орналасқан блок-бекеттер бұрынғы күшейтілген режим бойынша жұмысын жалғастыратынын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1855096-almaty-kalasyna-kiru-sin-almaty-oblysyny-trgyndary-kalaj-tekseriledi.html