Выйти
RU

Мәскеу маңында хоспис өртеніп, 9 адам көз жұмды (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін түнде Мәскеу маңында орналасқан жеке хоспис өртенді. Қазіргі уақытта көз жұмған тоғыз адам туралы дерек шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Мәскеу маңында хоспис өртенді: тоғыз адам көз жұмды (видео)

Видеодағы кадр

Жазылмас дертке шалдыққан адамдарға арналған мекемедегі өрт туралы ақпарат түн ортасына қарай белгілі болған. Төтенше жағдай кезінде ғимаратта 29 адам болған.

Өрт сөндіру қызметінің көліктері хосписке жеткен кезде өрт ғимараттың екінші қабатына да жеткен. Өрт сөндірушілер қызыл жалынды толығымен шамамен 40 минут ішінде ауыздықтаған.

Өрт сөндірушілер келгенге дейін тоғыз науқас өртке оранған ғимараттан шыға алған, ал 11 адамды құтқарушылар қауіпсіз жерге көшірген. Бастапқыда екі адам қайтыс болғаны туралы хабарланған еді, бірақ осы уақытқа дейін олардың саны тоғызға жеткен.

Сондай-ақ, алты адамның ауруханада жансақтау бөлімінде жатқаны белгілі болды. Кейінірек басылым хоспистің жұмыс істеуге рұқсаты жоқ екенін, ал оның орналасқан мекенжайы бойынша жеке үй тіркелгенін хабарлады. Бұған қатысты мән-жайды енді құзырлы органдар анықтайтын болады.

Mash Telegram арнасының хабарлауынша, өрт душ бөлмесінде басталған, ондағы жиһаздар жана бастаған.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Хосписте үйсіз адамдарды да қабылдағаны айтылды, сондықтан кейбір қайтыс болғандардың жеке басын анықтау мүмкін болмаған. Сонымен қатар, ауруына байланысты кейбір науқас төсекке танылған, сондықтан олар өртке оранған ғимараттан шыға алмаған.

Сонымен қатар, бейресми жұмыс істеген хоспис осы типтегі бес мекеме кіретін "Второй дом" хоспис желісінің бір бөлігі екендігі анықталды. Онда бір ай қонақтау құны 143-тен 257 мың теңгеге дейін екен.

Еске сала кетсек, бұған дейін Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Шарджа қаласында тұрғын үйден алапат өрт шыққанын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Мәскеу маңында хоспис өртеніп, 9 адам көз жұмды (видео)