Выйти
RU

"Ешкімнің басына бермесін": Ұлы туралы айтқан Кенжебек эфир кезінде жылап жіберді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

"МузАРТ" тобының мүшесі Кенжебек Жанәбілов тұңғышы туралы жан сырын ақтарып, тікелей эфир кезінде көз жасына ерік берді. Өнер иесі сынақпен келген баласына қатысты бар шындықты айтып, өзінің жан жарасымен бөліскен деп жазады KAZ.NUR.KZ 31 арнаға сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Кенжебек Жанәбіловпен тілдескен тележүргізуші Аида Боранбай да сұхбат кезінде көз жасын тыя алмаған. Ұлын емдету үшін барын салып, қатты қиналған әншінің оқиғасынан кейін оның көңілі босап кеткен көрінеді.

Эстрада жұлдызы ауыр дертке шалдыққан тұңғышы кіші ұлына асқан қамқорлық пен жанашырлық танытып жүргенін айтып жатып, тікелей эфир кезінде жылап жіберді.

"Қанша тасыдым. Шымкенттің өзінде қанша емдеттім. Германияға бардық. Қытайға бардық. Бұл бала не көрмеді? Құлағына да ине салды. Енді кеше кішкентай інісіне сөйлеп жатыр. "Әліби қалайсың? Жақсысыңба?" деді. Көзіме жас келіп кетті. Менен "Папа, Әліби аппарат кие ме?" деп сұрады. "Менің құлағым естімейді, Әлібиге олай болмайды" дейді. Өзінің жанашырлығын танытып жатыр ғой. Ауыр кезеңдерден өттік. Аллаға шүкір. Ешкімнің басына бермесін. Аман болайық" , - деді Жанәбілов.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Айта кетейік, Кенжебек Жанәбілов осы жылы ақпан айында тағы да сәбилі болды. Әншінің жары оған ұл бала сыйлап, жұлдызды жанұя төртінші баламен толыққан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Ешкімнің басына бермесін": Ұлы туралы айтқан Кенжебек эфир кезінде жылап жіберді