Выйти
RU

"Казиноға бардым": Өмірқұл Айниязовтың құмар ойындарға әуестеніп кеткені рас па

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әнші Өмірқұл Айниязов өзінің құмар ойындарға әуестігі жөніндегі пікірлерге жауап берді. Өнер иесі ел арасындағы қауесеттерді жоққа шығарғанымен, кезінде казиноға барғанын мойындады деп жазады KAZ.NUR.KZ "Талантым-тағдырым" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Өмірқұл Айниязов өзіне қатысты ел білмейтін жайттар туралы бар шындықты айтып берді. Белгілі болғандай, әнші автоматтарға ақша салып ойнап, достарымен бірге казиноға барған болып шықты.

"Шын айту керек, мен кезінде автоматтарда ойын ойнағанмын. Бұл автоматтардың қызып тұрған кезі еді. Автоматтар бастапқыда шыққан кезде оларға әуес болдық. Бірақ, үйді немесе бала-шағамның ақшасын салып жіберген емеспін. Тойдан түскен қаржының кішкентай бөлігін автоматқа салып ойнайтынбыз. Оны жасыра алмаймын. Ал казиноға өмірімде бір-ақ рет қана бардым. Содан кейін барған жоқпын. Мен қатты таңғалдым.
Белдерін орап алып, осы жерде жүргендеріне бір жеті болғанын айтқан жігіттерді көрдім. Сол жерде тұрып, ойнай береді екен. Сол кезде достарыммен бірге бес жүз доллардай ақша алып шықтым. Кіру үшін үш жүз доллар болса, ар жағында тағы екі жүз доллар қостым. Сол бес жүз долларды ойнап, құртып шықтым. Бірақ, мен казиноға құмар емеспін. Достарым барайық деген соң, барғанмын. Мен әр нәрсені өз уақытымен істеймін. Өзімді керек кезде тоқтата алатын адаммын деп есептеймін" , - деді әнші.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Сонымен қатар, өнер иесі гастрольдік сапарларында уақыт өткізу үшін карта ойнайтынын жасырмады.

Айта кетейік, өткен жылы Бағлан Әбдірайымов ел күтпеген мәлімдеме жасап, өзінің құмар ойындардың құрбаны болғанын жайып салған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Казиноға бардым": Өмірқұл Айниязовтың құмар ойындарға әуестеніп кеткені рас па