Выйти
RU

Еліміздің тағы бір облысында карантин уақыты созылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов елдегі ТЖ режимі алынғанымен өңірде карантин шаралары жалғасатынын мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

"ТЖ режимі алынып тасталса да, Ақтөбе облысында карантиндік шаралар жалғасады. Бізде ескеретін бірқатар қауіптер бар. Бұған дейін біз біраз шағын және орта бизнес нысандарының қызметтеріне қойылған шектеулерді алып тастадық.
131 мыңға жуық адам жұмысқа шықты. Біз жеңілдетудің 1-2 кезеңінің динамикасын байқадық, кәсіпкерлер мен азаматтар осы жағдайға жауапкершілікпен қарағанын көрдік. Егер осы үрдіс одан әрі жалғасса, режимді жеңілдету бойынша одан әрі шаралар қабылданатын болады", - деді Бекенов.

Ал тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева "Қазақстан-Ақтөбе" арнасына өткен апталармен салыстырғанда өңірде коронавирус жұқтырғандардың саны азайғанын жеткізген.

Оның сөзінше, COVID-19 тарауы соңғы аптада 5 пайызды құраған. Бұл – жақсы көрсеткіш.

"Егер алдағы аптада өсім байқалмаса, кезең-кезеңімен бірқатар кәсіпкерлік нысаны ашылатын болады",- деді Беркімбаева.

Еске сала кетсек, бұған дейін Маңғыстау облысында карантин шаралары 25 мамырға дейін жалғасатынын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Еліміздің тағы бір облысында карантин уақыты созылды