Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сочидегі ауруханадан коронавирус жұқтырған пациент қашып кетті

Опубликовано:

25 сәуірде Мәскеуден Сочиге келген әрі коронавирус жұқтырған азаматша ауруханадан қашып кеткен. Полиция оны іздеу үстінде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ТАСС-қа сілтеме жасап.

Сочидегі ауруханадан коронавирусқа шалдыққан науқас қашып кеткен
Фото: pixabay.com: UGC
"Сочиде коронавирус диагнозы расталған пациент ауруханадан қашып кетті. Азаматша айналасындағылардың денсаулығына қауіп төндіргендіктен, қазіргі уақытта оны полиция іздестіріп жатыр",– делінген хабарламада.

28 жастағы азаматшаның Мәскеуден Сочиге 25 сәуірде келіп, обсерваторияға жатқызылғаны нақтыланды. Одан коронавирусқа сынама алынған, 5 мамырда диагноз расталған.

Содан кейін ол Сочи қаласындағы №2 жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген. Азаматшаның жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып, клиникалық ауру байқалмаған екен.

"8-інен 9 мамырға қараған түні ол емдеу мекемесінен қашып кеткен. Пациент аурухананы қоршап тұрған бетон дуал арқылы өткен", – деді жедел штабтан.

Еске сала кетсек, бүгін түнде Мәскеу маңында орналасқан жеке хоспистен өрте шығып, тоғыз адамның қайтыс болғаны хабарланды.

Одан бөлек, Ресейдегі Ставрополь өлкесінде отбасылық мерекені тойлау жарылыспен аяқталған. Көршілердің арасында туындаған кикілжіңнің соңында олардың бірі тұрғын үйдің ауласына граната лақтырған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855148-socidegi-auruhanadan-koronaviruska-zktyrgan-pacient-kasyp-ketti/

pixel