Выйти
RU

Оңтүстік Кореяда коронавирустың қайта таралуына бір адам себепкер болған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Оңтүстік Кореяда коронавирусты жаппай жұқтыру дерегі қайта тіркелді. Бұған түнгі клубтарға барған жас жігіт себепкер болған деп хабарлайды NUR.KZ порталы Хабар24 арнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Басылым мәліметінше, мамыр айы басталғалы бірнеше күн қатарынан Оңтүстік Кореяда коронавирусты жұқтыру деректері тіркелмеген.

COVID-19 тек шетелден келгендерден анықталыпты. Олардың саны күнде 10-нан аспаған.

Алайда, соңғы бір тәулікте елде вирус жұқтырған 35 адам тіркелген. Оның ошағы да белгілі болған.

Анықталғандай Йонин қаласының 20 жастағы тұрғыны 5 бірдей түнгі клубқа барып, содан тараған екен. Одан бөлек, сол клубтарда болған тағы 60-тан аса тұрғыннан коронавирус табылған. Дегенмен мамандар олардың жалпы саны 5 мыңнан асуы мүмкін деп дабыл қағуда.

Көңіл көтеретін орынға келушілердің тең жартысын әлі таппаған. Себебі олар өздері туралы шын ақпар қалдырмаған көрінеді. Осыған байланысты Сеуэл мэрі ойын-сауық орындарын жабуға бұйрық берген. Кенги провинциясының губернаторы да осындай шешім қабылдаған.

"Вирустың таралуын болдырмау үшін аймақтағы барлық ойын-сауық орталығын 2 аптаға жабу туралы шешім қабылдадық", - дейді Кёнги провинциясының губернаторы Ли Дже Мён.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Басылым дерегінше, елдегі ақ халаттылар сәуір айының аяғынан мамырдың алтысына дейін Итэвондағы түнгі клубтарға барғандарға коронавирусқа тексерілуге кеңес беруде.

Себебі осындай орындарға барып COVID-19 инфекциясын жұқтырғандардың 30 пайызында ыстығы көтерілгені не жөтелгені байқалмаған.

Ал сарапшылар Оңтүстік Кореяда тұрғындардың коронавирусты жаңадан жаппай жұқтыру дерегін індеттің таралуының екінші толқыны деп отыр.

Себебі түнгі клубқа барғандардың арасында өзге де қалалардың тұрғындары мен әскерилер, мейірбикелер, сауда орталықтарының қызметкерлері болған. Олардың кейбіреуі караоке мен компьютер залдарына барған көрінеді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Уханьда көптен бері алғаш рет коронавирус жұқтырған адам тіркелгенін хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Оңтүстік Кореяда коронавирустың қайта таралуына бір адам себепкер болған