Выйти
RU

Ғалымдар ерлердің коронавирусты жиі жұқтыруының себебін тапты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Әйелдерге қарағанда, ерлер COVID-19 індетін жиі жұқтырады, өйткені ер адам ағзасының құрамындағы ангиотензин-түрлендіргіш фермент 2 (AПФ2) қанда жоғары болады, олармен өзара әрекеттесу нәтижесінде коронавирустар жасушаға енеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Ғалымдар ерлердің коронавирусқа жиі шалдығуының ықтимал себебін тапты

Көрнекі фото: pixabay.com

"АПФ2 – бұл жасушалар бетіндегі рецептор. Ол коронавируспен әрекеттеседі әрі оның сау жасушаларға енуіне және жұқтыруына мүмкіндік береді... Өкпеде АПФ2 жоғары концентрациясы бар, сондықтан бұл ферменттер COVID-19-бен байланысты өкпе ауруларының өршуінде шешуші рөл атқарады деп саналады",– деп түсіндірді зерттеу жетекшісі, Гронинген университеттік медициналық орталықтың кардиология профессоры Адриан Воорс.

Еуропалық кардиология қоғамын дерегіне сәйкес, ғалымдар тобы Еуропаның 11 елінен келген 3,5 мыңнан астам жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерден алынған қан үлгілеріндегі AПФ2 концентрациясын өлшеді. Осылайша, ерлерде әйелдерге қарағанда АПФ2 концентрациясы жоғары екендігі анықталды.

Зерттеу коронавирус пандемиясынан бұрын басталған және COVID-19 бар науқастарды қамтымайды. Алайда, басқа зерттеулердің нәтижелері AПФ2 жасушаларға жаңа коронавирустың енуімен байланысты екенін көрсеткен кезде, Воорс және оның командасы бұл олардың жұмысымен қиылысып тұрғанын байқаған.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Еске сала кетсек, елімізде тағы 12 адамнан коронавирус анықталды. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 5 138-ге жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ғалымдар ерлердің коронавирусты жиі жұқтыруының себебін тапты