Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кенжебек Жанәбілов әйелі екеуінің арасын бұзбақ болған адамдар туралы айтты

Опубликовано:

Қазақ эстрадасының жұлдызы Кенжебек Жанәбілов жеке өміріне қатысты тың мәліметтермен бөлісті. Әнші жары екеуінің қарым-қатынасына іріткі салып, олардың отбасын бұзғысы келген адамдар болғанын айтты. Алайда, ерлі-зайыптылар бұл қиындықтарды бірге еңсеріп, жанұясын сақтап қала алған деп жазады KAZ.NUR.KZ 31 арнаға сілтеме жасап.

Фото: Instagram/zhebekmuzart
/zhamilya_tulegenovna. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/zhebekmuzart /zhamilya_tulegenovna. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Getty Images

"МузАРТ" әншісі жаман пиғылды адамдардың әрекеттеріне қарамастан, ешкімге отбасын ойрандауға жол бермеген.

Кенжебек Жанәбілов бұл қиын жағдайлардың барлығына төзе біліп, әрдайым қасынан табылған жарына алғыс білдірді.

"Не айтқым келеді. Жұбайыма құдай сабыр берсін. Екеуміз ең бастысы, бала-шағамыздың қызығып көріп жүре берейік. Біздің отбасымыздың арасына ойран салғандар да болды. Көптеген адамдар қызығушылық танытты. Оны өзі де біледі. Бірақ, соның барлығына төзе білді. Сол үшін мен басымды иемін", - деді әнші.

Айта кетейік, бұған дейін Кенжебек Жанәбіловтың әсерлі сұхбаты жайында жазған болатынбыз. Өнер иесі сынақпен келген ұлы жайлы айтып жатып, тікелей эфир кезінде көз жасына ерік берді.

Әншімен сұхбаттасқан жүргізуші Аида Боранбай да көз жасын тыя алмаған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1855159-kenzebek-zanbilov-jeli-ekeuini-arasyn-bzbak-bolgan-adamdar-turaly-ajtty/

pixel