Выйти
RU

Ганада бір науқас 533 адамға коронавирус жұқтырған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Гананың оңтүстігіндегі Тема қаласында бір науқас балық өңдеу кәсіпорнының 533 жұмысшысына коронавирус жұқтырған. Бұл туралы ел президенті Нана Акуфо-Аддо мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

"Өткен сәрсенбі мен бейсенбі аралығында тіркелген 921 жаңа науқастың 533-і Темадағы балық өңдеу кәсіпорнының жұмысшылары екенін атап өткен жөн. 533 жұмысшының барлығына коронавирусты бір адам жұқтырған", – деп мәлімдеді мемлекет басшысы халыққа үндеуінде.

Сондай-ақ ол қоғамдық іс-шараларды өткізбеу жөніндегі шектеулер мамырдың соңына дейін ұзартылатынын, білім беру мекемелері жабылатынын атап өтіп, халықты қажетті гигиена мен әлеуметтік ара қашықтықты сақтауға шақырды.

Президент келтірген соңғы деректерге сәйкес, Ганада жалпы 4700 адам коронавирус жұқтырған. 494 науқас аурудан жазылып шықса, 22-сі көз жұмған.

Оңтүстік Кореяда коронавирусты жаппай жұқтыру дерегі қайта тіркелді. Бұған түнгі клубқа барып, көңіл көтерген бір адам себепкер болған.

Анықталғандай Йонин қаласының 20 жастағы тұрғыны 5 бірдей түнгі клубқа барып, инфекция содан тараған екен. Одан бөлек, сол клубтарда болған тағы 60-тан астам тұрғыннан коронавирус табылған. Бірақ мамандар олардың жалпы саны 5 мыңнан асуы мүмкін деп дабыл қағуда.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ганада бір науқас 533 адамға коронавирус жұқтырған