Выйти
RU

Қалалар мен облыстарда саябақта серуендеуге қашан рұқсат беріледі

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін, 11-мамыр күні Қазақстан аумағында ТЖ режимі тоқтатылғанмен, көптеген қалалар мен облыстарда карантин шаралары сақталды. Бұл тұрғыда мемлекеттің бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды. Онда республика ТЖ режимі аяқталғаннан кейін қалай өмір сүретіні жазылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қаулының мәтіні денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтында жарияланған. Онда карантин шаралары қандай жағдайда жеңілдетілетіні хабарланып, мегаполис тұрғындарына жүруге рұқсат етілген орындардың тізімі шықты.

Белгілі болғандай, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары пен бірқатар облыстарда карантин шаралары коронавирус жұқтыру өсімінің деңгейі 7%-дан аспаған кезде ғана жеңілдетіледі.

Бұдан кейін, мегаполистер мен өңір басшылары бір апта ішінде тұрғындардың үйлерінен еркін шығу мүмкіндігін қамтамасыз ету керек. Алайда, адамдар маска киіп, арақашықтықты сақтап жүруге міндетті болмақ. Далада екі адамнан артық қыдыруға рұқсат берілетін болады.

Оған қоса, азаматтар ойын-сауық нысандары орналаспаған саябақтар, жағалаулар мен алаңдарға бара алады. Үш адамнан артық топпен немесе отбасы мүшелерімен серуендеуге рұқсат етілмек. Бұл жағдайда да арақашықтықты сақтау керек.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Сонымен қатар, вирусты жұқтырудың деңгейі төмендегеннен соң, аулаға шығуға рұқсат беріледі. Бірге жүретін тұрғындар саны да төрт адамнан аспау керек.

Жеңілдетудің тағы бір түрі - қала сыртындағы саяжайға бару болмақ.

Ал республика өңірлеріне әуехабарламалар арқылы кіріп-шығуға рұқсат беру карантин шараларының соңғы жеңілдетілуі болып саналады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қалалар мен облыстарда саябақта серуендеуге қашан рұқсат беріледі