RU

Мемлекет басшысы жоғары жалақы алатындардың салығын арттыруды ұсынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев табыс салығын кірістің көлеміне қарай өзгертуді ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Бұл туралы ел президенті төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында айтты.

Мемлекет басшысының пікірінше, әлеуметтік әділеттілік орнату үшін жалақы және басқа да кірістерге қатысты жеке табыс салығының үдемелі шкаласын енгізетін уақыты келді.

"Оның негізгі мәні мынада, төмен жалақы алатын азаматтар салықты аз төлейді, ал жоғары жалақы алатын жұмысшылар үшін салықтың көлемі артады", - деп түсіндірді Тоқаев.

Оның сөзінше, табысы төмен адамдар салықты аз төлесе, ресми түрде көбірек тіркеледі. Ал осы санаттағы адамдар аз емес. Олардың барлығы "көлеңкеден" шықса, жалақыны конвертпен беру азаяды. Ал, ең бастысы, ондай адамдар әлеуметтік жағынан қорғалады.

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайдың аяқталғанын мәлімдеді. Президент үндеуінде өңірлердегі карантин шаралары қалай алынатынын да айтып берді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1855200-memleket-bassysy-zogary-zalaky-alatyndardy-salygyn-arttyrudy-syndy.html