Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің мектептерінде соңғы қоңырау өтетін күндер белгілі болды

Опубликовано:

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Ералы Тоғжанов 3-4 маусым күндері Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау шарасы өтетінін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Бұл туралы вице-премьер Хабар 24 арнасындағы онлайн брифнг барысында айтты.

"Мектептерде аттестат табыстау мен соңғы қоңырау шарасы 3-4 маусым күндері ашық аспан астында өтеді. Онда адам саны шектеліп, санитарлық нормалар қатаң сақталуы тиіс", - деді Тоғжанов.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары сөзінше, 3,3 миллион оқушы және колледждер мен ЖОО-лардың 1 миллион студенті үшін оқу жылының соңына дейін қашықтан оқыту режимі сақталады.

Сонымен қата Ұлттық бірыңғай тестілеудің жоспарлы түрде өтетіні белгілі болды.

Еске сала кетсек, бұған дейін білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқу жылын шілдеге дейін ұзартудың неліктен мүмкін емес екенін түсіндірген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855208-elimizdi-mektepterinde-sogy-koyrau-tetin-knder-belgili-boldy/

pixel