Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда бүгіннен бастап қандай жұмыс орындары іске қосылмақ

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус салдарынан енгізілген ТЖ режимі тоқтаған жағдайда қазақстандықтардың өмірі мен жұмыс тәртібі қандай болатынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Президент cоңғы екі ай қазақстандықтар үшін аса ауыр болғанын атап өтті. Оның сөзінше, тіпті бүгінде ТЖ режимі тоқтатылғанымен біз дағдарысты толығымен еңсерген жоқпыз.

Тоқаев кейбір өңірлерде коронавирус жұқтыру шарықтау шегіне жатпегендіктен карантин режимі сақталатынын айтты.

Мемлекет басшысы пандемия халық денсаулығы үшін әлі де қауіпті болып қалуда. Бұл тұрғыда, қалалар арасындағы әуехабарлама да әзірге жабық болмақ.

Президенттің айтуынша, осы уақытқа дейін экономиканың көптеген салалары өз жұмысын қайтадан бастап кетті. Анықталғандай, бүгінде 1 млн 100 мың адам жұмысқа шықты. Көптеген дүкендер, сұлулық салондары, білім орталықтары жұмысына оралып, саябақтар да ашылды.

Еліміздегі 13 қаланың арасында ұшып жүруге рұқсат берілді. Оған қоса, ұшаққа отырудағы көптеген талаптар алынып тасталды.

Алайда, Тоқаев күнделікті өмірде профилактикалық шараларды сақтау қажет екенін мәлімдеді. Оның ішіне маска тағып, арақашықтықты сақтау жүру кіреді.

Үкімет жаңа санитарлық талаптарды даярлап енгізу керек. Кіші және орта бизнес пен ірі кәсіп оларды өз жұмысында қатаң түрде орындауға міндеттелмек.

Қоғамдық көлік салон іші жартылай толған жағдайда ғана жүретін болады. Басты шарт - жолаушылардың барлығы бетперде киіп отыруы.

Мемлекеттік қызметкерлердің 50% әлі де қашықтықтан жұмыс істеу керек. Алайда, жеке мекемелердің басшылары қанша қызметкері жұмысқа шығу керектігін өздері шешеді.

«Көпшілік өз жеке басының қауіпсіздігі үшін әлі де үйде отыра тұрғаны дұрыс болар еді. Жұмыста арақашықтықты сақтап, маска тағып және санитарлық талаптарды орындап жүру керек. Себебі, індеттің екінші толқыны басталып кетуі әбден мүмкін" , - деді Тоқаев.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855210-kazakstanda-bginnen-bastap-kandaj-zmys-oryndary-iske-kosylmak/

pixel