RU

Еліміздің қай қалаларында әуе қатынастары қайта қалпына келді

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Ералы Тоғжанов бүгіннен бастап Қазақстанның жеті қаласына әуе рейстері ұша бастайтынын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC

Бұл туралы вице-премьер Хабар 24 арнасындағы онлайн брифнг барысында айтты.

"Бүгіннен бастап мемлекет басшысының шешімімен еліміздің жеті қаласында - Ақтөбе, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Тараз және Талдықорғанда әуе рейстері жанданады. Сондай-ақ, ұшу үшін жолаушылардың ПТР-тест тапсыруы қоғам наразылығына ұшыраған еді. Бүгіннен бастап бұл талап та алынып тасталды", - деді Тоғжанов.

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайдың аяқталғанын мәлімдеді.

"Бүгін бүкіл ел аумағындағы төтенше жағдай режимі аяқталды. Алайда, кейбір аймақтарда дерттің таралуы бәсеңдемей отыр. Індет толығымен жойылып кеткен жоқ. Пандемия халықтың денсаулығына әлі де қауіпті.
Сондықтан карантиндік шектеулер әр өңірдегі жағдайдың жақсаруына қарай біртіндеп алынады" , – деді мемлекет басшысы.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар 5138-ге жеткен. Вирус жұқтырғадардың басым бөлігі Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласынан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1855212-elimizdi-kaj-kalalarynda-ue-katynastary-kajta-kalpyna-keldi.html