Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тойханалар, сауда орталықтары қашан ашылады: Тоғжанов жауап берді

Опубликовано:

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Ералы Тоғжанов еліміздегі ойын сауық орталықтары мен ресторандардың жұмысына қатысты пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Бұл туралы вице-премьер Хабар 24 арнасындағы онлайн брифнг барысында айтты.

"Кәсіпкерлер мен халықтан ойын-сауық орталықтарының, мейрамханалардың және қонақ үйлердің жұмысына қатысты сұрақтар көп түсіп жатыр. Бұл кезеңде олардың қызметі әзірше басталмайтынын ерекше айтып өткім келеді. Бұл мәселе кейінірек өңірлердегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты қарастырылады. Халық көп жиналатын іс-шараларды өткізуге әлі де тыйым салынады", - деді Тоғжанов.

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайдың аяқталғанын мәлімдеді.

"Бүгін бүкіл ел аумағындағы төтенше жағдай режимі аяқталды. Алайда, кейбір аймақтарда дерттің таралуы бәсеңдемей отыр. Індет толығымен жойылып кеткен жоқ. Пандемия халықтың денсаулығына әлі де қауіпті.
Сондықтан карантиндік шектеулер әр өңірдегі жағдайдың жақсаруына қарай біртіндеп алынады" , – деді мемлекет басшысы.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар 5138-ге жеткен.

Вирус жұқтырғадардың басым бөлігі Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласынан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855214-tojhanalar-sauda-ortalyktary-kasan-asylady-togzanov-zauap-berdi/

pixel