RU

Илья Ильин Қызылордадағы спорт кешенінің директоры болды

Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының бұйрығымен Илья Ильин "Мұз айдыны" спорт кешенінің директоры болып тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Илья Ильин. Фото: sports.kz
Илья Ильин. Фото: sports.kz: Facebook

Илья Ильин 1988 жылы 24 мамырда Қызылордада туған.

2005-2009 жылдар аралығында Қорқыт ата атындағы ҚМУ-да оқыған. 2011 жылы магистратураны тәмамдап, педагогикалық ғылымдардың магистрі дәрежесін алған.

9 жасында жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионы, 13 жасында Қазақстан ауыр атлетика тарихындағы алғашқы спорт шебері атанды.

17 жасында ең жас әлем чемпионы атанып, есімі Гиннесстің рекордтар кітабына жазылды. Әлемнің және Қазақстан Республикасының ең үздік спортшысы атанды.

2008 жылы «"Қызылорда облысының құрметті азаматы" атанды.

Әлемнің төрт дүркін чемпионы. Төрт рет әлемнің үздік ауыр атлетшісі атағына ие болған.

2016 жылы допинг қабылдағаны үшін 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының және 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының алтын медальдарынан айырылған.

"Құрмет" орденімен марапатталған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Илья Ильин алдағы уақытта спорттық мансабын аяқтауы мүмкін екенін мәлімдеген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1855218-ila-ilin-kyzylordadagy-sport-kesenini-direktory-boldy.html