Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Карантин: Темір жол қозғалысы қашан қалпына келеді

Опубликовано:

Премьер-министрінің бірінші орынбасары Ералы Тоғжанов елімізде теміржол көлігінің қозғалысы әлі ашылмайтынын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC

Бұл туралы вице-премьер Хабар 24 арнасындағы онлайн брифнг барысында айтты.

Оның сөзінше, бұл кезеңде теміржол көлігіндегі қозғалыс мүлдем қарастырылмайды.

Сонымен қатар Тоғжанов төтенше жағдай режимінің тоқтағанына қарамастан блокпосттар әлі де сақталатынын мәлім етті.

"Бірақ, қала маңында тұратын, қалада жұмыс істейтін қызметкерлер әкімдіктер бекіткен тізім бойынша еркін кіріп-шыға алады", - деп түсіндірді премьер-министрінің бірінші орынбасары.

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайдың аяқталғанын мәлімдеді.

"Бүгін бүкіл ел аумағындағы төтенше жағдай режимі аяқталды. Алайда, кейбір аймақтарда дерттің таралуы бәсеңдемей отыр. Індет толығымен жойылып кеткен жоқ. Пандемия халықтың денсаулығына әлі де қауіпті.
Сондықтан карантиндік шектеулер әр өңірдегі жағдайдың жақсаруына қарай біртіндеп алынады" , – деді мемлекет басшысы.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855224-karantin-temir-zol-kozgalysy-kasan-kalpyna-keledi/

pixel