Выйти
RU

Қазақстанда тағы бір адам коронавирустан қайтыс болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елімізде коронавирус инфекциясынан тағы бір адам көз жұмды. Осылайша, Қазақстанда қауіпті індеттен қайтыс болғандардың саны 32-ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

"11 мамыр 17:40-тағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, Шымкент қаласында коронавирустан бір науқас көз жұмды", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, соңғы дерек бойынша, елімізде қауіпті дертке шалдыққандардың саны 5160-қа жетті. Олардың 2020-сы қауіпті дерттен айығып, ауруханадан шықса, 32 науқас инфекция салдарынан көз жұмды.

Жалпы Нұр-Сұлтан қаласында – 3 науқас, Алматы қаласында – 9 науқас, Шымкент қаласында – 6 науқас, Ақмола облысында – 4 науқас, Шығыс Қазақстан облысында – 1 науқас, Жамбыл облысында – 1 науқас, Қарағанды облысында – 3 науқас, Қостанай облысында – 1 науқас, Маңғыстау облысында – 1 науқас, Павлодар облысында – 2 науқас, Түркістан облысында – 1 науқас жаңа вирустан қайтыс болды.

Еске сала кетсек, осыған дейін еліміздегі төтенше жағдай режимі аяқталғанын жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда тағы бір адам коронавирустан қайтыс болды