RU

Коронавирустан қайтыс болған шымкенттік туралы ақпарат пайда болды

Бүгін коронавирус инфекциясы салдарынан елімізде 32-науқас қайтыс болды. Қайғылы жағдай Шымкент қаласында орын алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Coronavirus2020.kz мәліметінше, марқұм Шымкент қаласы, Қаратау ауданының 1955 жылғы тұрғыны.

65 жастағы әйел 2 мамыр күні ЖРВИ диагнозымен жедел жәрдем қызметі арқылы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген.

Науқастан анализ алынып, ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысы COVID-19 теріс нәтиже берген.

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы 6 мамыр күні азаматша жағдайының ауырлығына байланысты жансақтау бөліміне жатқызылып, ИВЛ аппаратына қосылғанын мәлім етті.

Қайта ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысы жүргізіліп, науқастан COVID-19 диагнозы нақтыланған.

"Науқастың қосалқы аурулары: Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, 3-ші дәрежелі артериалдық гипертензия, семіздік ауруының екінші дәрежесі, созылмалы калькулезді холецистит, созылмалы панкреатит", - делінген хабарламада.

Емдеу хаттамасына сәйкес, әйелге қажетті ем шаралары жүргізіліп, республикалық мамандармен бірнеше рет кеңес өткізілген.

Жүргізілген реанимациялық іс-шараларға қарамастан, 11 мамыр күні, сағат 11:55-те науқас қайтыс болды.

Еске сала кетсек, соңғы дерек бойынша, елімізде қауіпті дертке шалдыққандардың саны 5160-қа жетті. Олардың 2020-сы қауіпті дерттен айығып, ауруханадан шықса, 32 науқас инфекция салдарынан көз жұмды.

Cоңғы өлім жағдайы Шымкент қаласында тіркелген.

Еске сала кетсек, осыған дейін еліміздегі төтенше жағдай режимі аяқталғанын жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1855245-koronavirustan-kajtys-bolgan-symkenttik-turaly-akparat-pajda-boldy.html