Выйти
RU

ТЖ режимі алынғаннан кейін блок-бекеттер қалай жұмыс істейді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бүгін онлайн-брифинг барысында Қазақстанның карантин енгізілген қалалары мен облыстарында блок-бекеттер алынбайтынын мәлімдеді. ТЖ режимі аяқталғанына қарамастан, олар адамдардың қозғалысын шектеп отырады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Тоғжанов Қазақстандағы блок-бекеттердің бұрынғы қалпында жұмыс істейтінін атап өтті. ТЖ режимі аяқталғанына қарамастан, олар алынбайды. Себебі қалалар мен облыстарда карантин сақталады.

Дегенмен, кейбір азаматтардың блок-бекеттерден өтуге құқығы бар. Ол – қала маңында тұратын, қалада немесе облыста жұмыс істейтін, нақты бір компания қызметкері ретінде жергілікті штабтың тізіміне енгізілген қазақстандықтар.

"Мысалы, Алматыда тұрып, Алматы облысында жұмыс істейтін адамдарға ешқандай шектеу болмайды", – деді үкімет басшысының орынбасары.

Еске сала кетейік, бұған дейін премьер-министрдің бірінші орынбасары Ералы Тоғжанов еліміздегі ойын сауық орталықтары мен ресторандардың жұмысына қатысты пікір білдірдген болатын.

Сондай-ақ ол төтенше жағдайдан кейін балабақшалар қалай жұмыс істейтінін түсіндірген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
ТЖ режимі алынғаннан кейін блок-бекеттер қалай жұмыс істейді