Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстаудағы Онды ауылы үлгілі деп танылды

Опубликовано:

Маңғыстау облысында әлеуметтік-экономикалық және ауыл шаруашылығы жағынан өркендеп келе жатқан елді мекендердің бірі – Онды ауылы. Бұл – қоғам қайраткері, әдебиеттің алыбы Әбіш Кекілбаевтың туған жері. Ауыл шағын болғанымен, жергілікті тұрғындар ата кәсіп ауыл шаруашылығын белсенді жүргізуде: ет, сүт өнімдерін өндіреді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі: UGC

Маңғыстау облысында ауылдарды дамыту – алға қойылған негізгі бағыттардың бірі. Әрбір елді мекен заман талабына сай өркендеп, тұрғындардың қолайлы өмір сүруіне бейім болуы қажет.

Онды ауылында 32 шаруа қожалығы кәсібін дөңгелетіп отыр. Тұрғындардың қолайлы өмір сүруіне барлық жағдай жасалған. Сондықтан Онды ауылын аймақтағы ең үлгілі ауыл деп атауға болады.

Биыл ҚР президентінің тапсырмасымен «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасын тиімді жүзеге асыру басталды. Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов осы бағдарлама аясында облысқа республикалық бюджеттен 34 миллиард теңге бөлінгенін атап өтті.

Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі: UGC

Бұл қаражат инфрақұрылымды дамыту, жол құрылысы, әлеуметтік нысандарды салу, ауыл шаруашылығын дамыту бойынша жобаларды іске асыруға көзделген.

Осы бағытта Онды ауылында 20 орындық жаңа амбулаторияның құрылысы басталды. Нысанның құрылысына жергілікті мамандар жұмылдырылған. Амбулаторияны биыл жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда. Онда жұмыс істейтін медициналық қызметкерлер де жергілікті кадрлардан алынатын болады. Нысан заманауи жабдықтармен жарақтандырылады, демек, енді тұрғындарға емделу және тексерілу үшін аудан орталығына барудың қажеті жоқ.

Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі: UGC

Серікбай Трұмов жауапты тұлғаларға орындалатын жұмыстардың сапасын және мерзімінде аяқталуын бақылауды тапсырды. Ауыл тұрғыны Жәнібек Қожық Онды іргесінен жылыжай кешенін салу туралы ұсыныс жасады. Бұл азық-түлікке деген ішкі қажеттілікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Аталған ұсынысқа облыс әкімі қолдау білдіріп, мәселе жан-жақты қаралу керектігін ескертті.

Қазіргі таңда Маңғыстау ауданына қарасты Жармыш ауылында мәдениет үйінің құрылысы қайта жалғасын тапты. Нысан құрылысы 2018 жылы басталған, бірақ қаражаттың жетіспеуіне байланысты тоқтап қалған болатын. Биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 211 млн теңге бөлініп, қайта жандандырылды. Нысан осы жылдың қараша айында пайдалануға беріледі. Бұл мемлекеттік бағдарламаны іске асыру, бірінші кезекте, халықты жұмыспен қамтуға бағытталған.

Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі: UGC

Өткен жылы облыс әкімінің тұрғындармен кездесуінде Ақшымырау, Қызан, Тұщықұдық, Шебір, Жыңғылды ауылдарында бірқатар әлеуметтік маңызды мәселелер көтерілді.

"Бүгінгі күні олар кезең-кезеңімен шешілуде. Мысалы, Тасмұрын - Мәстек автожолын, Шетпеден Шайыр ауылына, Шайырдан Жыңғылды ауылына дейінгі жол салу жоспарланған. Қаражат бөлінген, жұмыстар ағымдағы жылдың соңына дейін қарқынды жүргізілетін болады", – дейді аймақ басшысы.
Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі: UGC

Өткен жылдан бастап елімізде «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы белсенді түрде жүзеге асырылуда. Маңғыстауда осы бағыт бойынша 2019 жылы 1 млрд 100 млн теңге бөлінді. Бұл қаражат ауылдық жерлерде автомобиль жолдарын салуға және қайта жаңартуға бағытталды.

"Биыл Маңғыстау облысына «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында инфрақұрылымды дамытуға, ауылдық жерлерде әлеуметтік нысандарды салуға 3 миллиардтан астам теңге бөлінді. Ауыл – еліміздің тірегі, оған ерекше назар аударуымыз керек", – деді облыс әкімі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855257-magystaudagy-ondy-auyly-lgili-dep-tanyldy/

pixel