Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтан айналасындағы блок-бекеттер қашан алынады: Әкім орынбасары жауап берді

Опубликовано:

Елордадағы жеті блок-бекет карантин режимі аяқталғанға дейін тұрады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original
"Егер мамырдың соңына дейін вирус жұқтыру көрсеткіші азаятын болса, біз қалалық штабта блок-бекеттерді алып тастау мәселесін қарастырамыз", – деді ол.

Қала басшысының орынбасары ұшақтан бөлек, астанаға автокөлікпен келуге болатынын атап өтті.

"Біз алгоритм әзірледік, қазір жасыл дәліз арқылы қалаға кіруді қарастырып жатырмыз. Сонымен қатар, қалаға кірген жағдайда тест нәтижесінің теріс болғанына қарамастан, 14 күн үй карантинінде болу керек", – деді ол.

Ал ұшақпен келгендер коронавирус белгілері байқалмаса, карантинге жатқызылмайды.

Бақтияр Мәкен төтенше жағдай режимі кезінде бес мыңға жуық қала тұрғынының карантин режимін бұзғанын мәлімдеді.

"Төтенше жағдай кезінде 4 900 адам карантин режимін бұзғаны үшін жазаланды, 1 290 автокөлік автотұраққа жабылды", – деді ол.

Сонымен қатар Мәкен карантин режимінің жеңілдетілгеніне байланысты қаладағы спорт нысандарында арнайы топтар отыз адамға дейін жаттығуға болатынын айтты.

"Мәдениет нысандарының жұмысына келер болсақ, театрда көрерменсіз отыз адамға дейін дайындық жүргізуіне болады. Қызмет көрсететін баспа, тігін, аяқ киім шеберханалары, химиялық тазалау секілді қызметтер жақын байланыс жасамай жұмыс істейді. Сонымен қатар қалада халыққа қызмет көрсету орталықтары толық ашылады, барлық санитарлық норма сақталады",- деді Мәкен.

Айта кетейік, елордада коғамдық көлік 12 мамырдан бастап қатынайтын болады. Сондай-ақ, 11 мамырда Қазақстанның астанасындағы барлық саябақ пен гүлзар ашылды.

Бұған дейін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов ТЖ режимі алынғаннан кейін блок-бекеттердің қалай жұмыс істейтінін айтқан еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855266-nr-sltan-ajnalasyndagy-blok-beketter-kasan-alynady-kim-orynbasary-zauap-berdi/

pixel