Выйти
RU

Алматыға облыстан кімдер кіре алады: қала әкімдігі жауап берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жұмысын жалғастыруға рұқсат берілген кәсіпорын қызметкерлері қалаға кіре алады. Бұл туралы Алматы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің Facebook желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

"Қозғалыс шектелген, облыс тұрғындары қатарынан жұмыс күшін тартуға рұқсат беріледі. Бастысы – кәсіпорынның қызмет етуге рұқсаты болуы тиіс", – дейді Тұяқбаев.

Облыста тұратын қызметкерлерге қалаға кіру үшін, компания басшылары infoalmaty.kz сайты арқылы өтінім беріп, жұмысшының ЖСН нөмірі мен бар болған жағдайда, автокөлігінің мемлекеттік нөмірін көрсетуі тиіс.

Қала әкімінің орынбасары мәлім еткендей, өтінім мақұлданғаннан кейін қызметкер блок-бекеттерде жеке куәлігін көрсетіп өте береді.

Сондай-ақ ол блок-бекеттерде бұл азаматтардан экспресс-тестілеу немесе ПЦР-тест нәтижелері талап етілмейтінін жеткізді. Алайда, Тұяқбаев компанияларға қызметкерлерді тестілеуден өткізуге кеңес берді. Сондай-ақ ол ертеңнен бастап ірі ұйымдарда тестілеу жүргізілетінін атап өтті.

Ал саяжай иелеріне келетін болсақ, оларды өткізу бұрын қабылданған тәртіп бойынша жүзеге асырылады.

Айта кетейік, бұдан бұрын ТЖ режимі алынғаннан кейін блок-бекеттердің қалай жұмыс істейтінін хабарлаған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыға облыстан кімдер кіре алады: қала әкімдігі жауап берді