Выйти
RU

Алматыда сән салондары мен фитнес-орталықтар қашан ашылады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жақын арада сән салондары өз жұмыстарын жалғастыра алады. Алайда, ол үшін салондарға аудиттен өту қажет. Бұл туралы Алматы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің Facebook желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Оңтүстік астана әкімінің орынбасары қалада 2 мыңнан астам салон бар екенін, сондықтан да оларды ашуға асықпау керектігін жеткізді. Дегенмен, бүгіннен бастап сән салондары мен білім беру орталықтарының жұмыс істеуіне рұқсат беріледі.

"Бізде қызметкерлердің саны жеткілікті, өтінімдерді қабылдаймыз. Комиссия аудит жүргізіп, барлық талаптарға сай деп таныса, оларға тіркелуге рұқсат беріледі", – дейді Тұяқбаев.

Дәл осындай шарттармен білім беру орталықтары да ашылады. Сондай-ақ бүгіннен бастап саябақтар мен скверлер ашылады. Ол жерлерде санитарлық қауіпсіздік шаралары жүргізіледі.

Бұдан бөлек, қала басшысының орынбасары спорт залдарының қашан ашылатынын айтып берді.

"Фитнес-орталықтар мен бассейндер ең қауіпті нысандар болып есептеледі. Оларды кезең-кезеңмен ашамыз, бірақ бүгіннен бастап емес", – деді ол.

Сондай-ақ қажет болған жағдайда ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лардың қызметі жалғасады.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Айта кетейік, бұған дейін қала әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев Алматыға облыстан кімдер кіре алатынын түсіндірген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда сән салондары мен фитнес-орталықтар қашан ашылады