Выйти
RU

Үкімет дағдарысқа қарсы бөлетін 5,9 трлн теңге қалай жұмсалады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанда дағдарысқа қарсы шараларға 5,9 триллион теңге бағытталады. Премьер-министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов қомақты қаражат қалай жұмсалатынын айтып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Үкімет дағдарысқа қарсы бөлетін 5,9 трлн теңге қалай жұмсалады

Әлихан Смайылов. Фото: sputniknews.kz

"Үкімет елдегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық пен жұмыспен қамтуды қолдауға бағытталған дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға 5,9 триллион теңге бағыттайды", - деді Смайылов үкімет үйінде өткен онлайн брифингте. 

Бұл қаржының 3,4 триллион теңгесі – республикалық бюджеттен, ал 2,5 триллион теңгесі бюджеттен тыс көздерден қарастырылып отыр. 

"Шығындар, негізінен, халықты жұмыспен қамтуды ұлғайтуға, ай сайынғы кірісті жоғалтуына байланысты төлемдерге, әлеуметтік төлемдерге, тұрғын үй құрылысына және президенттің басқа да тапсырмаларын орындауға бағытталған", - деді қаржы министрі. 

Атап айтқанда, Жұмыспен қамту жол картасын қаржыландыруға 1 триллион теңге бөлінеді. Оның ішінде республикалық бюджеттен – 300 миллиард теңге, бюджеттен тыс қаражат – 700 миллиард теңге. Осы ақша аясында өңірлерде инфрақұрылымдық жобалар іске асырылып, 255 мың жұмыс орны ашылады. 

  • Сонымен қатар, айналым капиталын жылдық 8%-пен жеңілдікпен несиелеу және "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша жылдық 6%-пен несиелеуді ұлғайту бойынша бюджеттен тыс көздерден 1 триллион теңге қарастырылған. 

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

"4,5 миллион адам екі ай ішінде 42,5 мың теңге төлем алып жатыр. Бұл мақсатқа мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 370 миллиард теңге көзделген", - деді вице-премьер. 

Сондай-ақ, тұрғын үй құрылысын 15 миллион шаршы метрге жеткізу үшін бюджеттен тыс көздерден қосымша 390 миллиард теңге тартылады. 

"Республикалық бюджеттің салық кірістерінің төмендеуін өтеуге және мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемесін орындауға 1,7 триллион теңге бөлінеді", - деді ол.  

Шағын және орта бизнес субъектілері мен ірі бизнес өкілдерінің еңбекақы төлеу бойынша салықтар мен алымдардан босатылуына байланысты жергілікті бюджеттердің шығынын өтеуге 237 миллиард теңге жұмсалады. 

  • 313 миллиард теңге әлеуметтік төлемдерді (зейнетақы, жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек) 10%-ке дейін индексациялауға, стипендия мөлшерін арттыруға және тұрғындардың коммуналдық қызмет ақысын төлеуге бағытталады. 

Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, "Еңбек", "Бизнестің жол картасы – 2025", "Ауыл – ел бесігі" бағдарламаларын кеңейтуге 240 миллиард теңге қарастырылып отыр. 

Эпидемияға қарсы іс-шараларға 125 миллиард теңге бөлінді, оның ішінде медициналық және басқа қызметкерлерге үстемеақы төлеу, тұрмысы төмен азаматтарды азық-түлік пен тұрмыстық заттар жинағымен қамтамасыз ету көзделген. 

Тағы да оқыңыздар

Қазақстан туралы қызықты деректер

Бұдан бөлек, азаматтар мен экономиканы қолдауға, оның ішінде президенттің тапсырмаларын іске асыруға қосымша 575 миллиард теңге бағытталған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Үкімет дағдарысқа қарсы бөлетін 5,9 трлн теңге қалай жұмсалады
Mailfire view pixel