Выйти
RU

Вирусолог коронавирус жұқтырудың жиі ұмытылатын жолын атады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Коронавирустан қорғану үшін маска тағып қана қоймай, бас киім кию аса маңызды. Себебі вирус адамның шашында бірнеше күн сақталуы мүмкін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Бұл туралы медицина ғылымдарының докторы, вирусолог Анатолий Альштейн Ресейдің "Бесінші арнасына" берген сұхбатында мәлімдеді.

Дәрігердің айтуынша, адамдар вирустың шаштың арасында сақталатынын жиі ұмытады, сондықтан одан қорғанбайды. Ол коронавирустың шаштың арасында бірнеше тәулікке дейін сақталатынын жеткізді.

Маман далаға шыққанда бас киім киюге кеңес берді.

Дегенмен, вирусологтың айтуынша, инфекциядан қорғанудың басты жолы – әлеуметтік ара қашықтықты сақтау. Ол көшеге шыққанда адамдардан бірнеше метр қашықтықта жүруге кеңес берді.

Сондай-ақ Альштейн ірі қалаларда вирус жұқтыру қаупі жоғары болғанымен, саяжайға баратындарды да сақтық шараларын ұмытпауға шақырды. Атап айтқанда, ол адам көп шоғырланған жерлерден алыс жүріп, маска киюге кеңес берді.

Еске сала кетейік, бұған дейін ғалымдар ерлердің коронавирусты жиі жұқтыруының себебін атаған болатын.

Әйелдерге қарағанда, ерлер COVID-19 індетін жиі жұқтырады, өйткені ер адам ағзасының құрамындағы ангиотензин-түрлендіргіш фермент 2 (AПФ2) қанда жоғары болады, олармен өзара әрекеттесу нәтижесінде коронавирустар жасушаға енеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Вирусолог коронавирус жұқтырудың жиі ұмытылатын жолын атады
Mailfire view pixel