Выйти
RU

Алматы облысында 19 жастағы жігіт өзенге ағып кеткен баланы құтқарып қалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы облысындағы Текелі қаласында үш жасар бала ағысы қатты өзенге құлап кетті. Оны сол маңда отырған бейтаныс азаматтардың бірі құтқарып қалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алматы облысында 19 жастағы жігіт өзенге ағып кеткен баланы құтқарып қалды

Көрнекі фото: pixabay.com

Ағысы қатты Қора өзенінде ағып бара жатқан кішкентай баланы көрген жас жігіт бірден көмекке ұмтылған.

Ол ойланбастан суға секіріп, ағыспен арпалысып жатқан бүлдіршінді құтқарып қалыпты.

Текелі қаласы әкімдігінің ақпаратына сәйкес, үш жастағы бала өзенге байқаусызда құлап кеткен. Қазір Ниса есімді кішкентайдың денсаулығы қалыпты.

«Ағысы қатты Қора өзенінен сәбиді Дәурен Жарқынбеков атты азамат құтқарып қалды.

Ерлік - білекте емес, жүректе дегендей, су жағасында досымен отырған Дәурен ағып бара жатқан сәбиді көргенде, ойланбастан өзенге секіріп түсіп, 3 жасар Нисаны жағаға алып шыққан.

2001 жылғы Дәуреннің әрекеті үлкен ерлік. Ол - бейбіт күннің батыры. Балаға - жаңа ғұмыр, ата-анаға - қуаныш сыйлаған Дәуреннің ерлігі - баршаға үлгі. Елі мақтанар еріміз аман болсын», - делінген әкімдіктің хабарламасында.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Алматы қаласына облыстан кімдер кіре алатыны туралы жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматы облысында 19 жастағы жігіт өзенге ағып кеткен баланы құтқарып қалды