Выйти
RU

Түркия биылғы жазда туристерді қабылдайтын болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Түркия 2020 жылғы жаз маусымынан бастап "Салауатты туризмді сертификациялау" бағдарламасын іске қосады. Олар шетелдік туристер үшін шекараны жаппайды. Бұл туралы елдің мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Эрсой мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Фото: pixabay.com

Фото: pixabay.com

Аталған бағдарламада тасымалдау, туристердің өмір сүруі, туристік сала қызметкерлері мен қонақтардың денсаулық жағдайына қатысты қауіпсіздік шаралардың кең ауқымы қарастырылған. "Салауатты туризмді сертификациялау" бағдарламасы төрт бөлімнен тұрады: "Жолаушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігі", "Қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігі", "Нысандардағы сақтық шаралары", "Көлік саласындағы сақтық шаралары".

"Азаматтарымыз бен елге келетін қонақтарымыз өздерін жайлы сезінуі үшін үлкен жауапкершілікпен әрекет етеміз. Түрік халқының қонақжайлығы туралы мақал бар: "Біз есіктерімізді құлыппен жаппаймыз". Біз осы қағиданы ұстанып, қажетті шараларды қабылдаймыз", – деді министр.

Оның айтуынша, Түркия билігі "Салауатты туризм" сертификатын алатын туристік сала нысандары мен мекемелердің тізімін 2020 жылғы 1 маусымнан бастап жариялайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстанның жеті қаласына әуе рейстері ұша бастайтынын хабарлаған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Түркия биылғы жазда туристерді қабылдайтын болды
Mailfire view pixel