Выйти
RU

"Қатты шешініп кеттік": Бесбаев бүгінгі әншілердің проблемасын ашып айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық эстрада жұлдызы Мейрамбек Бесбаев бүгінде әншілер қауымы тап болған мәселені көтеріп, оған қатысты өз ойын ашық айтты. Ол өнердегі әріптестерінің тойдан көз ашпай кеткені мен халық арасында жиі сынға ұшырауының себебін түсіндіруге тырысты деп жазады KAZ.NUR.KZ "Шынайы Ақберенмен" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/m_besbaev/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/m_besbaev/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Мейрамбек Бесбаев өнер адамдары қоғамда жиі сынға ілігіп жатқанына өздері де кінәлі екенін атап өтті.

"Қырғызстан мен Моңғолияда бүкіл телевидениесін қарасаң, 99%-ы өз тілінде сайрап тұр. Осыны заңға енгізсе, біздің әншілер де басқаша жұмыс істер еді.

Сапаға жұмыс істер еді. Ән мен сөзге жіті мән беретін еді. Қазіргі "тойға шығып кетсем хит" деген сөздер бар. Біздің әншілер сол бағытта көп жұмыс істеп кетті. Олар тойға жетіскеннен бармайды ғой.

Әлемдік жұлдыздар да тойға шығады. Олардың шарттары да басқаша. Тойға келсе, бір концерт жасап кетеді. Ал бізде, былай айтқанда қадір-қасиеттен кетті.

Қазір елде жамандап жатқандары - өнер адамдарды. Өсек-аяң шеңберінен шыға алмай қалдық. Бұл жерде өнер адамдарында да кінә бар. Біз қатты шешініп кеттік" , - деді эстрада жұлдызы.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Айта кетейік, бұған дейін Мейрамбек Бесбаев қазақ халқының қатты жалқауланып бара жатқанын айтқан болатын. Сонымен қатар, өнер иесі қазақ тілін білмейтіндерге қатысты пікір білдірді. Ол мемлекеттік тілде сөйлей алмайтын отандастарына жаны ашитынын жеткізді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Қатты шешініп кеттік": Бесбаев бүгінгі әншілердің проблемасын ашып айтты
Mailfire view pixel