Выйти
RU

Атырауда ТЖ кезінде жұмыс істеп келген букмекерлік кеңсе әшкере болды (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Полиция Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аймақтық департаментінің өкілдерімен бірге төтенше жағдай мен карантин кезінде жұмыс істеп жатқан Атыраудағы букмекерлік кеңсені әшкере қылды. Мекеме жұмысы тоқтатылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы pricom.kz сайтына сілтеме жасап.

Атырауда ТЖ кезінде жұмыс істеп келген букмекерлік кеңсе әшкере болды (видео)

Видеодағы кадр

Полиция департаментінің хабарлауынша, "Loto club" букмекерлік кеңсесі Атырау қаласының тура орталығында жұмыс істеген екен. Оның үстіне мекеме төтенше жағдай режимі болғанына қарамастан ашық болған.

Ашық мекемеде тоғыз адам ұсталды. Жеті клиент және екі қызметкер. Кейін оларды полицияға алып кетті. Оларға төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Жаза қолдану туралы мәселені сот шешетін болады.

11 мамыр күні Қазақстанда төтенше жағдай режимі аяқталды. Алайда, карантин және шектеу шаралары әлі жалғасып жатыр. Әр аймақ немесе қала мұны коронавирустың жағдайына байланысты жасайды.

Елде төтенше жағдай режимі өз мәресіне жеткеніне байланысты кешеден бастап әскери қызметшілер мен әскери техника тұрақты орналастыру орындарына оралып жатыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Атырауда ТЖ кезінде жұмыс істеп келген букмекерлік кеңсе әшкере болды (видео)
Mailfire view pixel