Выйти
RU

125 млн теңге жұмсалған: Алматы полициясы 500 костюмге қатысты пікір білдірді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде Алматы полициясы обаға қарсы костюмдерге 125 миллион теңге жұмсаған деген ақпарат пайда болды. Оның үстіне бір костюмнің құны 250 мың теңгені құрайтын көрінеді, алайда интернетте бұдан 3-4 есе арзан бағаға табуға болады. Құқық қорғау органдары бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

125 млн теңге жұмсалған: Алматы полициясы 500 костюмге қатысты пікір бірдірді

Фото: NUR.KZ

Костюмдер сатып алу туралы мемлекеттік сатып алуларды бақылайтын Zertteu Research Institite-қа сілтеме жасаған ақпарат protenge.kz Instagram парақшасында пайда болды.

Парақша Алматы полициясы карантин кезінде жұмыс істейтін полиция қызметкерлеріне 500 қорғаныс костюмін сатып алғаны туралы жазған.

Бір жиынтық бағасы – 250 мың теңге. Алайда, парақшаның пікірінше, мұндай костюмдерді отандық веб-сайттан әлдеқайда арзан бағаға, шамамен 12-60 мың теңгеге сатып алуға болады.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету керек болған компанияның 125 млн теңгеге келісімшарт жасасқаны да айтылған.

Оңтүстік астананың полиция департаменті жағдайға қатысты пікір білдірді.

Елде төтенше жағдай енгізілгеннен кейін полицияны қорғаныс костюмдерімен жабдықтау қажет болғаны туралы хабарланған.

Мамырдың басында әртүрлі компаниялардың ұсыныстарын зерделеп, бөлім жеке қорғаныс құралдарының ең төменгі бағасын ұсынған өндірушімен келісім жасасыпты.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Полиция атап өткендей, бұл келісімшартта костюмдер мәлімделген сапаға сәйкес келмесе, келісім бұзылады.

Нәтижесінде полицейлер алғашқы костюмді шамамен бір апта бұрын, 6 мамырда алған

Костюмнің бағасы сапаға сәйкес келмейтіні белгілі болды, сондықтан департамент жеткізушіге келісімшарттан бас тарту және бұзылуы туралы жазбаша түрде хабарлады.

Полицияның хабарлауынша, алда мереке күндері болғандықтан келісімді соңына дейін бұзу дүйсенбіде, 11 мамырда ғана іске асқан.

Қорғаныс костюмдері коронавирус инфекциясыдан қайтыс болған адамдарды тексеретін қызметкерлерге, сонымен қатар коронавирус ошақтарында жұмыс істейтін полиция қызметкерлеріне арналған.

Айта кетсек, бүгін ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға ұшып келді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
125 млн теңге жұмсалған: Алматы полициясы 500 костюмге қатысты пікір білдірді
Mailfire view pixel