Выйти
RU

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға ұшып келді (фото, видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға ұшып келді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бақытжан Сағынтаев. Фото: Facebook/Берік Уәли

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бақытжан Сағынтаев. Фото: Facebook/Берік Уәли

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапарымен келді.

Мемлекет басшысы сапар барысында қаланың бірқатар инфрақұрылымдық нысандарының жаңғырту жобаларымен және құрылысымен танысады.

Сондай-ақ, Қазақстан президенті коронавирус індетін мобильді скрининг арқылы анықтау орталығына барады.

Ботаникалық бақты қайта қалпына келтіру жұмысымен танысып, құрылысы жүріп жатқан әлеуметтік қызмет көрсету үйін аралап көреді.

Айта кетейік, кеше, 11-мамыр күні Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан аумағында Төтенше жағдай режимі аяқталғанын хабарлаған болатын.

Республикада ТЖ режимі тоқтатылғанымен, кейбір қалалар мен өңірлерде карантин шаралары сақтала бермек.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында індеттің екінші кезеңі басталып кетуі мүмкін екенін айтты. Президент қазақстандықтарды қауіпсіздік ережелерін барынша сақтап, әлі де үйлерінде отыра тұруға шақырды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға ұшып келді (фото, видео)