RU

Валюта нарығында төл теңгеміз 5,2 пайызға нығайды

Ұлттық банк төрағасы теңгенің күшейгенін мәлімдеді – қаржы реттеуші орган бұны Қазақстан валюта нарығының тұрақталғанымен байланыстыруда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Ерболат Досаев өткен айда теңгенің 5,2 пайызға күшейгенін, яғни бір долларға шаққанда 424,57 теңгеге қымбаттағанын баяндады. Бұл ұлттық валюта нарығындағы жағдайдың тұрақталуымен байланысты.

Сондай-ақ теңгенің күшеюіне ОПЕК+ келісімі бойынша уағдаластыққа қол жеткізілуі, бағалы қағаздар нарығындағы жағымды ахуал, экономикасы дамыған және мұнай экспорттаушы елдердің валюталарының қымбаттауы ықпал етті.

Сонымен қатар, Ұлттық банк төрағасының айтуынша, карантин шаралары енгізілуіне байланысты шетелдік валютаға деген сұраныс төмендеген.

Ұлттық банктің алтын валюта қорлары өткен айда 2,4 пайызға, 30,5 млрд долларға өскен. Оған негізінен алтын портфелінің өсуі себеп болған. Бағалы металлдар 7 пайызға қымбаттады.

Жалпы, Ұлттық қордың активтері өткен айда 1,1 млрд долларға немесе 1,9 пайызға артып, 58,5 млрд долларды құрады. Активтердің өсуі негізінен инвестициялық табыстың арқасында мүмкін болды.

Бұдан бөлек, Досаев экономикалық салада несиелердің де өскенін атап өтті.

Сондай-ақ Ұлттық банк төрағасы соңғы айда бүкіл елде жемістер, көкөністер мен қант бағасының айтарлықтай қымбаттауына не себеп болғанын түсіндірді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1855365-valuta-narygynda-tl-tegemiz-52-pajyzga-nygajdy.html