Выйти
RU

Ресейде вирус жұқтырған науқастар жатқан аурухана өртеніп, 5 адам көз жұмды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Санкт-Петербургте COVID-19 жұқтырған адамдар жатқан аурухана өртенді. Науқастар арасында бес адамның өлімі тіркелгені белгілі болды: оларға өкпені жасанды желдету аппаратын қосқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

COVID-19 жұқтырғандар бар жансақтау бөлімі өртенді

Фото: РИА Новости

Оқиға Әулие Георгий ауруханасында орын алды.

Өрт шыққан аумақ – ғимараттың алтыншы қабаты, жансақтау бөлімі. Онда өрт тұтанған шақта шамамен 170 адам болған, олардың барлығында коронавирус диагнозы расталған немесе вирустың бары күдіктелген деп жазады Life Shot telegram арнасы.

Алдын ала жасалған болжам бойынша өрт жасанды желдету аппаратынан шыққан. №2 палатада медициналық қызметкердің көзінше тұтанған алау одан сайын жайыла бастаған.

Сол уақытта жансақтау бөлімінде 16 науқас болған, олардың бесеуі қайтыс болды. Өлгендердің төртеуі – екінші палатаның, тағы біреуі көрші бесінші палатаның емделушілері.

Дәрігерлер қалған науқастарды ғимараттың көрші қанатына жеткізіп үлгерген.

Науқастардың нақты саны әлі анықталған жоқ, өйткені 12 мамырда таңертең өрттің кесірінен ғана емес, коронавирустан да өлім жағдайы тіркелген. Дәрігерлер мен өрт сөндірушілер деректерді тексеріп жатыр.

Ғимараттағы өрт болған орыннан шамамен 150 адам эвакуацияланды. Өртенген аудан – 10 кв/м.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Қазір өрт сөндірушілерге дезинфекция жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Мәскеу маңында орналасқан жеке хоспис өртенгені туралы жазған едік. Оқиға салдарынан көз жұмған тоғыз адам туралы дерек шықты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ресейде вирус жұқтырған науқастар жатқан аурухана өртеніп, 5 адам көз жұмды