Выйти
RU

Гүлнар Каримованың балалары анасынан қанша қаражат тәркіленгенін жайып салды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бұрынғы Өзбекстан президентінің үлкен қызы Гүлнар Каримованың балалары анасынан қанша қаражат тәркіленгенін айтып берді. Оның қылмыстық істер бойынша келтірген шығындарын өтеу мақсатында Өзбекстанға өткізген мүліктерінің жалпы сомасы 1,2 млрд долларды құраған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Гүлнар Каримова және баласы Ислам Каримов. Фото: instagram.com/i.kar7

Гүлнар Каримова және баласы Ислам Каримов. Фото: instagram.com/i.kar7

Ислам және Иман Каримовтардың әлеуметтік желідегі парақшаларында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевке үндеу жарияланды. Онда аналарынан тартып алынған активтер туралы айтылған деп жазды CentralAsia.media.

Гүлнар Каримовадан тәркіленген активтердің ішінде – Perfectum Mobile мобильді операторы, Duty Free дүкендері, Mango, Levi’s, Benetton дүкендер желісі, бірнеше мейрамхана мен кинотеатрлар, Ташкент қаласындағы 98 пәтер, 20 құрылыс алаңы, ауылшаруашылық жерлер, мал фермалары және тағы басқалары бар.

Экс-президенттің немересі кіші Ислам Каримовтың айтуынша, бұлардан бөлек, Гүлнар Каримоваға тиесілі болған тағы бірқатар активтер Мирзиеевтің күйеу баласына берілген. Олардың қатарында – Өзбекстандағы Coca-Cola зауыты мен саяжай бар.

Кіші Каримов бұл мүліктердің мемлекет меншігіне өткеніне күмәнданатынын ашық айтты. Ол бұл мүліктердің мемлекеттің емес, жеке тұлғаның меншігіне өткеніне сенімді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлыбританияның ірі алаяқтыққа қарсы күрес басқармасы (SFO) Өзбекстанның экс-президенті Ислам Каримовтың үлкен қызы Гүлнардың мүлкі мен активтері туралы материалдар жариялаған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Гүлнар Каримованың балалары анасынан қанша қаражат тәркіленгенін жайып салды
Mailfire view pixel