Выйти
RU

"Іш киімге дейін ұрлаған": Алматыда екі азамат қылмыс үстінде қолға түсті (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы қаласында екі ер азамат киім дүкендерін тонау кезінде қолға түсті. Полиция олардың осыған ұқсас 15 қылмысқа қатысы бар екенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: polisia.kz

Фото: polisia.kz

Басылымның мәліметінше, күдіктілер құлыпты бұзу арқылы киім дүкендеріне кіріп, құнды деп санағанның бәрін ұрлаған.

Полиция қызметкерлері оларды оқиға орнында қолға түсірді.

Белгілі болғандай, екі ер адам да бұрын осыған ұқсас қылмысы үшін бірнеше рет сотталған.

Алматы қалалық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы басшысының міндетін атқарушы Абзал Тұрғаналының сөзінше, күдіктілер кеңсе компьютерлерінен іш киімге дейін ұрлаған.

“Олар тек жеке ұйымдардың тұрғын емес үй-жайларына кірген: спорт киімдері бутиктеріне, әйелдер аксессуарларына, сұлулық салондарына, шаштараздар мен басқа нысандарға кірді" , – дейді ол.

Қазіргі уақытта ұсталғандардың екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Олардың үстінен қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлімі (ірі көлемде жасалған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында автобуста ұрлаған ақшасын ұлтарағының астына жасырған тұрғын жайыл хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Іш киімге дейін ұрлаған": Алматыда екі азамат қылмыс үстінде қолға түсті (фото)
Mailfire view pixel