Выйти
RU

Дәрігер қандай масканың инфекциядан жақсы қорғайтынын айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ресейлік дәрігер, терапевт Лариса Алексеева қандай медициналық маска жақсы қорғайтынын айтып берді деп жазды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

"Ең жақсысы қорғаныс үшін үш қабатты бір реттік масканы қолданған дұрыс. Ол медицинаның барлық қағидасы негізінде жасалған. Ал егер адам қорғаныстың өте жақсы болғанын қалайтын болса, бір мәрте тұтынатын масканы бірнеше рет қолдануға болатын бетпердемен алмастырып таққаны жөн", - дейді медицина қызметкері.

Дәрігердің сөзінше, егер адам бірнеше рет пайдалануға болатын маска тағуды тиімді деп ойласа, онда оның бірнеше данасын сатып алғаны абзал.  

Алексеева кейбір адамдар бір реттік арзан масканы өзімен бірге алып жүріп, тек қажет уақытта ғана тағатынын жеткізді.   

"Егер адам бір масканы қолдана берсе, онда белгілі бір уақыттан кейін барлық жинақталған вирустар адам ағзасына түсіп, залалын тигізуі мүмкін ", - деп ескертті маман.

Лариса Алексеева маска- қорғанудың әмбебап құралы екенін де атап өтті.

Оның сөзінше, егер адам маска тағып жүрсе, бір жарым-екі метр қашықтықты сақтаса, онда вирус тасымалдаушы адаммен кездескен уақытта инфекция жұқтырмау мүмкіндігі 70 пайызды құрайды екен.

Тағы да оқыңыздар

Дұрыс тамақтану ережелері

Егер вирус тасымалдаушы адам да маска таққан болса және қашықтықты сақтаса, онда оның сау адамға вирус жұқтыру көрсеткіші тіпті азая түспек.

Айта кетейік, осыған дейін медициналық бетперде коронавирустан қаншалықты қорғайтыны және инфекция жұқтырудан қандай маскалар сақтайтыны жайлы иммунолог дәрігер София Линникова айтып берген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Дәрігер қандай масканың инфекциядан жақсы қорғайтынын айтты
Mailfire view pixel