Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстау тұрғындарына 19:00-ден кейін сыртқа шығуға тыйым салынды

Опубликовано:

Маңғыстау облысының тұрғындарына 19-00-ден кейін үйден шығуға тыйым салынды. Өңірде 25 мамырға дейін автобустар жүрмейді. Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығындағы брифингте Маңғыстау облысының бас санитар дәрігері Ерғали Сыдыманов айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Карантин талаптарын сақтамаған Маңғыстау тұрғындарына сыртқа шығуға тыйым салынды
Көрнекі фото: tumba.kz: Getty Images

Облыста 11 мамырдан бастап жеке автокөлік пен тұрғындардың кешкі уақыттағы қозғалысы сағат 17:00-ден 19:00-ге дейін (екі сағатқа) қысқарды. Осыған дейін азаматтарға 21:00-ге дейін жүруге рұқсат етілген еді.

Қоғамдық көліктер де жүрмейді. Бұның барлығы тұрғындардың карантин режимін сақтамауына байланысты болып отыр.

"Алаңдарда балаларды серуендету талаптары да сақталмай жатыр. Үй маңында балалар түн ортасына дейін ойнап жүреді. Сағат 19:00-де барлық тұрғын үйде болуы тиіс. Әуехабарламар жаңармайды, себебі өңірде ауру өсімі тәулігіне 8,1 пайыз болып отыр. Облыс аумағына кіруге, облыс ішінде жүріп-тұруға да тыйым салынады", - деді Ерғали Сыдыманов.

Өңірдің бас санитар дәрігерінің сөзінше, қазір білім беру басқармасымен бірге карантин уақытында балабақшадағы қай топтар ашылатыны талқылап жатыр.

Қызметін қайта жаңартатын мекемелерге жұмыс істейтін ата-аналар балаларын әкеле алады. Бірақ олар өз денсаулығы жөніндегі анықтама (коронавирусқа ПТР тексерістің өткені жайлы) ұсынуға міндетті.

Сондай-ақ, учаскелік дәрігерден балабақашаға баруға рұқсат болуы қажет. Бүлдіршін балабақшаға үш немесе одан көп күн келмесе де, анықтама талап етіледі. Ата-аналар да жұмыс орнынан анықтама әкелуі тиіс.

Еске сала кетсек, бұған дейін Маңғыстау облысында карантин шаралары 25 мамырға дейін жалғасатынын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855397-karantin-talaptaryn-saktamagan-magystau-trgyndaryna-19-00-den-kejin-syrtka-syguga-tyjym-salyndy/

pixel