Выйти
RU

"Осы сұрақты жиі қояды": Есмағамбетова отбасылық шараларға қай кезде рұқсат берілетінін айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Еліміздің бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова отбасылық шараларды өткізуге рұқсат беруге қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Бұл туралы бас санитар денсаулық сақтау министрлігінің медиа орталығында өткен тікелей барысында айтты.

Есмағамбетованың сөзінше, көпшілік осы сұрақты жиі қояды.

"Өкінішке қарай, әзірше ондай шараларға рұқсат жоқ. Себебі коронавирус тез жұғады. Мысалы, кеше ғана осы мәселені талқылағанда өңірлерде орын алған бірнеше жағдайды еске алдық. Онда шектеулерге қарамастан, ауызашар жасалған. Отбасылық отырыста болған адамдардан коронавирус табылған", - деді ол.

Бас санитар дәрігер қонаққа шақыру немесе қонаққа баруға шектеу науқастардың саны азайғанда алынатынын жеткізді.

"Ол уақыт келеді. Науқастардың күнделікті өсу қарқыны 2 пайыздан төмен болғанда, сосын сырттан келетіндерді санамағанда елдің ішінде науқастардың тіркелуі тоқтаса, отбасылық шараларға рұқсат беріледі", - деп түсіндірді Есмағамбетова.

Еске сала кетсек, бұған дейін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов еліміздегі мейрамханалар мен сауда ойын-сауық орталықтарының, қонақ үйлердің жұмысына қатысты пікір білдірген еді.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Осы сұрақты жиі қояды": Есмағамбетова отбасылық шараларға қай кезде рұқсат берілетінін айтты