Выйти
RU

Қазақстанның әр өңірінде карантин қашан аяқталады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елде Төтенше жағдай режимі аяқталғанына қарамастан, еліміздің ірі қалалары мен облыстарда карантин шаралары өз күшін жойған жоқ. Осы орайда KAZ.NUR.KZ сoronavirus202.kz Telegram парақшасына сілтеме жасап әр аймақта карантин шамамен қашан аяқталатынын ұсынады.

Қазақстанның әр өңірінде карантин қашан алынады

Көрнекі фото: NUR.KZ

Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан, Алматы қаласында карантин эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанша созылады.

Ал Шымкент қаласында карантин 25 мамырға дейін ұзартылған.

Сол сияқты Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарында карантин 25 мамырға дейін ұзартылған.

Шығыс Қазақстан облысында карантин 1 маусымға дейін созылады.

Қызылорда мен Ақтөбе және Алматы, Павлодар, Қостанай облыстарында карантин эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанша жалғаса бермек.

Солтүстік Қазақстан облысында да карантин айрықша шарттармен ұзартылған.

Ақмола облысында режим эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты ретімен алынады. Қарағанды өңірінде карантин шектеулері біртіндеп өз күшін жоя бастайды.

Жамбыл облысында да карантин шаралары біртіндеп жеңілдейді.

Айта кетейік, бұған дейін карантин талаптарын сақтамаған Маңғыстау тұрғындарына кешкі сағат 19:00-ден кейін көшеге шығуға тыйым салынғанын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанның әр өңірінде карантин қашан аяқталады
Mailfire view pixel