Выйти
RU

Елдегі карантинге байланысты автобустардағы жолаушылар саны шектелді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін онлайн-брифингте Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова қоғамдық көліктің жұмысы бойынша бірнеше маңызды ережелерді жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ денсаулық сақтау министрлігінің Facebook-тегі ресми аккаунтына сілтеме жасап.

Қазақстанда карантинге байланысты автобустардағы жолаушылар саны шектелді

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ

Cанитарлық дәрігердің жарлығына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында қоғамдық көліктер адамдарды қатаң санитарлық нормаларға сәйкес тасымалдай алады.

Есмағамбетованың сөзінше, тұрғындардың міндетті түрде маска киіп, жолаушылар салонын дезинфекциялаудан және аялдамаларда автобустың барлық есіктерінің бір уақытта ашылуынан бөлек тағы бір ереже бар.

Енді салонда қанша отыратын орын болса, автобусқа сонша адам ғана міне алады.

Осы ережелерді бақылау үшін қалаларда арнайы мобильді топтар жұмыс істейді. Олар ішінара аялдамаларда автобустарды тексеруі мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, бас санитар дәрігердің қаулысы бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент тұрғындарына серуендеуге және үйден еркін шығуға рұқсат берілген.

Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласының әкім орынбасары елордада серуендеу үшін саябақтар мен жағажайлар ашылғанын айтқан еді.

Айта кетейік, соңғы деректерге сәйкес, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 5279-ға жетті.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елдегі карантинге байланысты автобустардағы жолаушылар саны шектелді
Mailfire view pixel