Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда Алатау ауданының экс-әкіміне сот үкімі шықты

Опубликовано:

Оңтүстік астанада Алатау ауданының экс-басшысы мен оның орынбасарына, сондай-ақ, әкім аппараты мәдениет және тілдер бөлімінің жетекшісіне қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Жоғарғы сот Сот кабинетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Алматыда Алатау ауданының экс-әкімі ақша жымқырғаны үшін сотталды
Шахмерден Рыспаев. Фото: Facebook: UGC

Үкімге сәйкес, бұрынғы аудан басшысы Шахмерден Рыспаев мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға бөлінген бюджет қаражатын ұрлады деп айыпталған.

Сот оны 40,5 млн теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеді. Одан бөлек, бұрынғы шенеунікке мемлекеттік қызметте лауазым иеленуге тыйым салынды.

Ал мәдениет бөлімінің жетекшісі Еркебұлан Өміралиев сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу бабы бойынша айыпталып, 3,5 жылға бас бостандығы шектелді.

Рыспаевтың бұрынғы орынбасары Саят Ағыбаев Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша кінәлі деп танылып, екі жылға колонияға жіберілді. Экс-шенеунік енді мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды.

Одан бөлек, үш айыпталушы да жәбірленушілер қорына 50500 теңгеден төлеуге міндеттелді.

Айта кетейік, Алатау ауданының экс-әкімі мен оның орынбасары және аудандық мәдениет бөлімінің басшысының сыбайлас жемқорлық әрекеті бойынша күдікке ілінгені туралы 18 қаңтарда белгілі болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855440-almatyda-alatau-audanyny-eks-kimine-sot-kimi-sykty/

pixel