Выйти
RU

РИО олимпиадасында Левитті жеңген ресейлік боксшыдан коронавирус анықталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

2016 жылы Рио-де-Жанейро қаласында өткен олимпиаданың жеңімпазы, ресейлік танымал боксшы Евгений Тищенкодан коронавирус табылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Mash Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Фото: Sputnik / Григорий Сысоев

Фото: Sputnik / Григорий Сысоев

28 жастағы спортшының дәрігерлер жүгініп, өз еркімен коронавирусқа тест тапсырған.

Соның нәтижесінде Тищенкодан COVID-19-дың жеңіл түрі анықталған.

Сараптамадан кейін былғары қолғап шебері үйіне жіберілген. Енді чемпион дәрігерлердің бақылауында болмақ.

Еске сала кетсек, 2016 жылы Риода өткен олимпиада ойындарының ақтық мәресінде Василий Левит 91 келі салмақ дәрежесінде 0:3 есебімен ресейлік Евгений Тищенкодан жеңіліс тапқан еді.

Алайда, жанкүйерлер мен спорт сарапшылар Левиттің жеңгеніне сенімді болып,. қазақстандықтар кездесудің шешімін қайта қарауға қол жинады.

Ал өз кезегінде отандасымыз Тищенко алтын жүлдені берсе де, қабылдамайтынын мәлімдеді.

Кейінірек халықаралық олимпиада комитеті жекпе-жек қорытындысына қатысты пікір білдіріп, Рио Олимпиадасының финалында төрешілер тарапынан нәтижені бұрмалау болмағанын хабарлады.

Айта кетейік, Джон Хопкинс университетінің ақпаратына сәйкес, COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша Ресей екінші орынға шықты. Көрші елде 232 мыңнан аса адамнан коронавирус инфекциясы анықталған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
РИО олимпиадасында Левитті жеңген ресейлік боксшыдан коронавирус анықталды
Mailfire view pixel