RU

Еліміздің тағы бір облысында карантин мамыр айының созына дейін ұзартылды

Алматы облысында да карантин режимі мамыр айының соңына дейін жалғасатын болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Бұл жөнінде Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің өкілі Ғалымұрат Жүкел әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Бүгін Алматы облысы әкімінің тапсырмасымен аудан және қала ішіндегі посттар алынып тасталды. Бірақ, аудан және облыс шекераларындағы блокпосттар өз жұмысын жалғастырады. Алматы облысында карантиндік режим мамыр айының соңына дейін жалғасады", - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері жаңа қаулы қабылдағаны хабарланған еді.

Құжат әкімдіктің ресми сайтында жарық көрді.

Қаулыға сәйкес көршілес облыстармен шекараларда блок-посттар, аудандар мен қалалар арасында мобильді посттар жұмысы жалғасады.

Сол сияқты санитарлық-дезинфекциялық талаптарды қатаң сақтай отырып, өз жұмысын бастайтын нысандардың тізімі кеңейтілген.

Еске сала кетсек, бұған дейін Маңғыстау облысында карантин шаралары 25 мамырға дейін жалғасатынын, Ақтөбе облысында да карантин режимі сақталатынын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1855449-elimizdi-tagy-bir-oblysynda-karantin-mamyr-ajyny-sozyna-dejin-zartyldy.html